Екібастұзда полицейдің денесі табылды – қылмыстық іс қозғалды

0
16

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

62 0 0

Полиция 27 жастағы қызметкердің өліміне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Екібастұзда қалалық полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды», – деді облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін әлеуметтік желідек ресейлік нөмірмен жүрген көлікте 27 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Хабарламада оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені айтылған.

Тағы оқыңыз: Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне («адам өлтіру») сәйкес іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденген адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.



sputniknews.kz