Екібастұзда «Ерекше үй» ашылды
Ал «Ерекше үй» деген атауы бар орталық Қордың қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның, Екібастұз қаласы әкімдігінің, сондай-ақ ERG компаниясының қолдауымен ашылды
Бұл күндері қалада аутизм дертіне шалдыққан 145 бала тұрады, оның ішінде мектеп жасына дейінгісі-109 болса, олар 23 балабақшаға, 8-і мектептерге бөлінген болатын.
— Қаламызда «Ерекше үй» орталығының ашылуына аутизм дертіне шалдыққан балалардың ата-аналары бастамашы болды. Өйткені,олар балаларын оңалту үшін басқа өңірлерге, шет елдерге апаруға мәжбүр еді. Енді міне, қалалық әкімдік тарапынан ата-аналардың өтініштері қолдау тапты. Бүгін орталық есік ашып, алғашқы оқушыларын қарсы алуда, — дейді орталық басшы Аида Сейітова.
Қаладағы «Ерекше үйдің» ашылуына қала әкімі Нұржан Әшімбетов, Республикалық «Дегдар» қорының төрағасы Жанат Сексембаев, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Бүгіндері орталық 32 баламен жұмыс жасауда. Оңалту курсы үш айға есептелген. Жыл бойы орталықта 120-ден астам бала келетін болады.
Ал орталық мамандары балалар мен олардың отбасыларына жалпы дамудың, білімнің және әлеуметтік бейімделуге қол жеткізу үшін жан-жақты кәсіби қолдау көрсетпек.
Аутизмге шалдыққан балаларға кешенді психологиялық, білім беру, әлеуметтік көмек көрсету және уақытылы анықтау.
Орталық өз жұмысында кешенді педагогикалық әдісті қолданады, жеке түзету бағдарламаларын әзірлейді. Мамандар түзету әдістері, сенсорлық интеграция, АБА-терапия бойынша Астанада білім алады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Екібастұз
Суретті түсірген: Айдана Айтуғанова