Екібастұзда белгісіз ер адам атыс шығарып, бір адам ауруханаға түсті

0

Екібастұзда белгісіз біреу атыс шығарып, бір адам ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді.

Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.