Екі жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды
Оған 1,5 миллион АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасады деген айып тағылды.
2016 жылдан бастап іздеуде жүрген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан интерполымен бірлесіп, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан Хагай Изгияевті экстрадициялады. Оны 1,5 миллион АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасады деген күдік бойынша Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бастап іздестірген.
«Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Оған осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Дереккөз: sputniknews.kz