«Екі жасар қыз»: Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адамның жеке басы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында бүгін анықталған коронавирус жұқтырған 3 адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип 3 адамның арасында екі жасар қыз бар екенін мәлімдеді.

Бірінші жағдай — 2018 жылы туған қыз. Ол 13 наурыз күні Берлин — Минск — Алматы рейсімен ұшқан. Кішкентай қыз Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Екінші жағдай — 1966 жылы туылған ер адам. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келді.

Үшінші жағдай — 1956 жылы туған ер адам, ол Мәскеуден рейскепен келді.

Бүгінгі таңда республикада коронавирустың тіркелуінің 13 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында — 11, Нұр-Сұлтанда — екі жағдай.

 

stan.kz