Екі жасар бала Түркістан облысындағы өзенге батып кеткен

0

Баланың денесін  Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары алып шықты, — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Жазатайым оқиға 4 наурызда Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, түстен кейін ата — анасының қарауынсыз қалған 2020 жылғы бала үйге жақын жерде  ағып жатқан өзенге құлаған.

Туыстары мен көршілері баланы іздеуге асықты. Дене құлаған жерден бір шақырым жерде сағат 18:00-де ғана табылды.

Жергілікті жерде Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz