Екі ұшақ соқтығысып, ұшқыш қайтыс болды

0
Екі ұшақ соқтығысып, ұшқыш қайтыс болды


Германияда Эркеленц-Кюкховен әуежайы маңында екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысты.

Бұл туралы жергілікті Rheinische Post басылымы полицияғы сілтеме жасап хабарлады.

«Екі жеңіл ұшақ сенбі күні аэродромның маңында соқтығысты. Бір әуе кемесіндегі ұшқыш қайтыс болды», – деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Олардың біреуі толықтай жанып кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші ұшақта болған 60 жастағы ұшқыш ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша,  оның жағдайы аса ауыр.

Апаттың нақты себебі белгісіз. Тек ауа райы қолайлы болғаны ескертіледі.Ұшқыштардың екеуі де тәжірибелі, ұзақ уақыт жергілікті аэроклубтың мүшесі болған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары апаттың не себепті болғандығын тексеріп жатыр. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз