Екі рет тұрмыста болған Алуа Қонарова бала асырап алу туралы жоспарымен бөлісті

0

Белгілі продюсер Алуа Қонарова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер қазір анасымен Түркияның Алания қаласында тұрып жатыр. Аракідік Алматыға да келіп тұрады. Оқырманға продюсердің жеке өмірі қашан да қызық. Алуа Қонарова да желі қолданушыларының сұрағына жауап беруден шаршамайды.

Оқырманның: “Неге тұрмыста емессіз? Сондай дана, сұлу әйелсіз. Әлде өзіңіздің ойыңыздағы мінсіз адамды іздеп жүрсіз бе?” деген сауалына продюсер: “Мен мінсіз адамды іздемеймін, себебі ондай адам жоқ. Мен ақымақ емеспін ғой. Екі рет тұрмыста болдым, ұзақ уақыт ер адаммен қарым-қатынас құрдым. Қазір өзіме демалыс алып, рахаттанып жүрмін. Мен ешқашан ер адамға тәуелді болған емеспін. Ешкім менің басымды ауыртпайтындықтан, өмірден ләззат алып жүрмін. Қазір тұрмысқа шығу ойымда жоқ”, – деп жауап берді Алуа Қонарова.

Продюсер бала асырап алу туралы ашық айтты. Бір оқырман: “Бала асырап алу туралы ойлаған жоқсыз ба?” деген сұрақ қойыпты.

“Қазір ол туралы ойламаймын. Өз өміріммен, өзімді күтім өмір сүргім келеді”, – дейді ол.

Бұған дейін Алуа Қонарова үшінші рет күйеуге тимек болғанын айтқан еді.