Home Жаңалықтар Екі рет тапсыруға мүмкіндік бар: ҰБТ-ға қатысты биылғы жаңалықтар қандай

Екі рет тапсыруға мүмкіндік бар: ҰБТ-ға қатысты биылғы жаңалықтар қандай

0
263
Сурет: F1Digitals

Тамыз айында ҰБТ тапсыру алынып тасталады. Оның орнына талапкерлерге жазғы үш айда екі рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. ҰБТ-ның биылдан бастап электронды үлгіге ауысуына байланысты осындай жаңалық енгізілген, деп хабарлайлы КТК арнасы.

Талапкер тестті қалаған уақытында тапсырса болады. Қай тапсырғанының нәтижесі жоғары болса, оқуға түсуге сол қолданылады. Ұлттық тестілеу орталығы мұны бітірушілер қобалжымас үшін жасалып отырғанын айтады. Әрі бір рет жолы болмаса, екінші рет тапсыратын мүмкіндік беріп, өзіне деген сенімділігін нығайту үшін қажет дейді.

Ал «Электронды үлгі» дегені онлайн тапсырады деген сөз емес. Бұрынғысынан айырмашылығы – тест жауаптарын қағазға емес, компьютер арқылы белгілейді. Тағы бір ерекшелігі – ҰБТ тапсыру белгілі бір күнге бекітілмейді. Түлектер оны үш ай ішінде, қалаған уақытында барып тапсыра алады.

«Қашықтан оқу оқушылардың ҰБТ-ға дайындығына кері әсер етті деп ойлаймыз. Бәрі қобалжып жүр. Биылғы жағдайлар бәрін әуреге салғаны анық. Сондықтан екі мәрте мүмкіндік берген дұрыс деп таптық. Екеуі де тегін өтеді», – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

ҰБТ тапсыруға арнайы компьютерлер беріледі. Оған өзімен бірге электронды тасымалдағыштар алып кіру мүмкін емес. Өйткені компьютерлерде ондай құрылғыларды тығатын орны болмайды. Логин, паролін біреуге алып берсе де, оған сырттан кіру мүмкін емес. Тест тапсырушыларды қадағалау үшін бақылау камерасы да орнатылған.

Өз орнына басқа адам кіргізем деу де бекершілік. Өйткені Face-ID құрылғысы арқылы әр талапкердің бет-жүзі мемлекеттік базадан тексеріледі. Айта кетейік, тестілеуді электронды нұсқаға ауыстыру 2019 жылы басталған еді. Ол кезде мұғалімдер алғаш тапсырып көрген болатын.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету