Екі қызды зорлағаны үшін түрмеде отырып маньяк үйленгелі жатыр

0

Жетпіс жастағы Виктор Мохов үйіне оралғанын айтты. Ол үйленетін ойы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

«Скопин маньягі» жазасын өтеп шыққан болатын. Ол 20 жыл бұрын екі қызды қамауда ұстап, зорлаған үйіне қайтып келді. Журналистерге сұқбат беріп те үлгерген.

«Үйленуге барамын. Жас әжей тауып алдым», — деді ол РЕН-ТВ арнасына.

Бостандыққа шыққан ер адам зардап шеккендерден кешірім сұрап, балаларын табуға ниет білдіріп отыр.

Скопин маньягі

2000 жылы Скопин қаласында слесарь Мохов 14 және 17 жастағы екі қызды ұрлап, төрт жылға жуық жертөледе ұстады. Тұтқында болған кезде оның бірі еркінен тыс одан екі рет босанды, қылмыскер балаларды алып кетіп отырған. Ол кезде жасөспірім Екатерина екінші бойжеткенді босандырып алған.

Мохов қыздарды аштықта ұстап, жарықсыз қалдырған. Резеңке шлангамен ұрып, бөлмеге көзден жас ағызатын газ шашқан. Құрбандар толық қараңғыда отырған, арасында ғана таза ауаға шыққан.

Қыздар хат жазып, оны ғажайып жолмен сыртқа беріп жіберген. 2004 жылдың 4 мамырында олар бостандыққа шықты.

Скопин аудандық соты 2005 жылы 30 тамызда Моховты 17 жылға бас бостандығынан айырды, ол қатаң режимдегі колония жазасын өтеді.

Пугачев аудандық сотының 2012 жылдың 24 шілдедегі өзгерістерін ескере отырып, бұл мерзім 16 жыл 10 айға дейін қысқартылды.

Қыздарды ұрлауға көмектескен маньяктың серіктесі Елена Бадукина бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеді.

Виктор Мохов 2021 жылдың 3 наурызында бостандыққа шықты.