Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандық еркін күрес спортшылары Азия чемпионатында барлығы алты медаль алды, оның екеуі – алтын
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Данияр Қайсанов пен Юсуп Батырмұрзаев Нью-Делиде өткен еркіy күрестен Азия чемпионатында алтын медаль алды.
Данияр Қайсанов
Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Данияр Қайсанов 74 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түскен. Ол финалда үндістандық Джитендермен кездесу өткізді. Алғашқы ұпайды Данияр алды – 2:0. Кейін қарсыласы да ұпайға ие болды. 2:1 есебі кезінде үзіліс болды. Кейін Қайсанов тағы бір ұпай алып, 3:1 есебімен кездесуді аяқтады.
Юсуп Батырмұрзаев 125 келі салмақ дәрежесіне дейінгі санатта үздік атанды. Ол моңғолиялық Худербулгу Дорджханданы уақытынан бұрын жеңді. Есеп — 10:0.
Тағы оқыңыз: Әйелінің сұлулығы себеп болды: спортшы күтпеген жерден жұмыссыз қалды – фото
Барлығы бұл турнирде қазақстандық спортшылар алты медаль алды.
Қола медаль Дәулет Ниязбеков (65 келіге дейін), Мейіржан Әшіров (70 келіге дейін), Илисхан Чилаев (92 келіге дейін), Әлішер Ерғали (97 келіге дейін). Командалық есепте жерлес спортшылар үшінші орынды иеленді.
sputniknews.kz