Екі оқушы рұқсатсыз ұшақты айдап әкеткен

0


АҚШ-тың Юта штатында Cessna жеңіл моторлы ұшағын айдап әкеткен 14 және 15 жасар екі оқушы ұсталды.

Бір қызығы, мұның алдында жасөспірімдер тракторды ұрлаған. Жетім балалар үйінде тұратын оқушылар сол штаттағы достарының үйіне қонаққа келген. Содан кейін айдап әкеткен трактормен жекеменшік аэродромға барып, алдымен көздеріне ұшырасқан жеңіл моторлы ұшаққа отырған. Шамасы, балалар техника тілін білген де болуы керек.

Бұзақыларды әуеге көтеріліп,  50 шақырымдай қашықтыққа жеткенде ғана байқайды. Оқушылар болса ұшақты өздері бұрып, жақын маңдағы әуежайға сәтті қондырған. Полицейлер әлгілерді сол жерде қолға түсірді. Бұзақыларды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз