Екі облыста автожолдар жабылды

2018 жылғы 29 желтоқсан 02:05 252

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі облысында автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожолдың» мәліметінше, Қызылорда облысында жаңбыр мен көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы М-32 «Шымкент- Самара» автожолының 1362-1240 шақырым аралығы (Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Ақтөбе облысында жаңбар мен көктайғақ салдарынан «Самара-Шымкент» трассасында (1153-1240 шақырым аралығы, Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы) барлық автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz