Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды — Ел жаңалықтары

0

Еліміздің екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, түнде және таңертең екпіні секундына 25 метрге дейін желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласы 8 қаңтарда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласы 8 қаңтарда оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, түнде екпіні секундына 25 метрге дейін желдің күшеюі күтіледі.

8 қаңтарда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ  күтіледі.

Актауда: 8 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz