«Екі мың долларға шыққан кез де болды». Нұрболхан Шарапов асабалығы үшін қанша алатынын айтты

0

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов өзінің негізгі табыс көзі асабалық қызметі екенін жасырмайды. Өнер иесі бір тойды немесе мерекелік отырысты басқарып беру үшін қанша ақша алатынын ашық айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайты.

Нұрболхан Шарапов өзге әріптестері секілді жасырмай-ақ, той-бизнестегі гонорары қанша екенін жайып салды. Бұл құпиясымен ол «НТК» арнасындағы «Ревю» бағдарламасында бөлісті. Сонымен қатар, белгілі әзілкеш асабалық қызметіне карантин режимі қаншалықты әсер еткенін де айтып берді. КВН жұлдызы шектеу шаралары кезінде де тойларға шыққанын мойындады.

«Негізі, мен карантинге дейін де сұраныстағы асабалардың қатарында болатынмын. Карантин кезінде де жақсы сұранысқа ие болдым. Оны жасырмай-ақ қояйын. Келіп ұстап алсаң алыңдар. Дәлел жоқ қой. Бірақ, той үстінде полиция қызметкерлері келіп, мейрамхана сыртын жауып тастаған кездер болды. Той біткен соң ештеңе дей алмайды. Бастысы, қашып кетсең болды ғой. Алайда, алғашқы екі айлық крантинде ешқандай той болған жоқ. Ешкім шыққан жоқ. Бәрі жабық болды. 

Гонорар мәселесіне келетін болсақ. Мен оны жасырмаймын. Кез келген сұхбаттарда сұрайды. Екі мың долларға шыққан кез де болды. Ол корпоратив еді. Тәулігіне миллионға шыққан кез де болды. Бір кеш үшін сонша алғанмын. Ал тойларда 500-600 мыңға шығамын. Карантин кезінде бағаны түсірдім. Жеңілдік сұрағандарға азайттым. Түсіністік таныттым» , — деді Нұрболхан Шарапов.