Eкі күн іздеген 3 жасар Асылымның денесі табылды
Eкі күн іздеген 3 жасар Асылымның денесі көршісінің әжетханасынан табылды. Бұл туралы журналист Батыржан Ибрагим желідегі парақшасында жазды. Бүлдіршін Түркістан облысы Сіргелі ауылында екі күн бұрын жоғалған болатын. Ауыл адамдарының оны іздемеген жері қалмады.
«3 жасар Асылым сағат 22:50 шамасында көршісінің үйінің әжетханасынан табылды. Ата-анасы, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды ол. Айтуынша, шүйдесінен қатты соққы алыпты.
фото: ашықдереккөз