Екі дүркін Қазақстан чемпионы неден көз жұмғаны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Аэлита Щербакова 11 сәуір күні 24 жасында өмірден озды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Аэлита Щербакова сирек кездесетін аурудан көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының пиар менеджері Әйгерім Тоқсанбек дзюдодан екі дүркін Қазақстан чемпионы соңғы кездері дәрігерлердің бақылауында болғанын айтты.

«2019 жылдың 3 сәуірі күні Аэлита Щербаковаға дәрігерлер «идиопатикалық апластикалық анемия» деген диагноз қойды. Спортшының денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болған», — дейді федерацияның баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол бұған дейін дзюдошының денсаулығы сыр бермегенін, жақсы күресіп келгенін атап өтті.

«Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының алдында дзюдошылар міндетті түрде дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Спортшылар медициналық тексеріс нәтижесі жақсы шықса ғана, дәрігерлердің рұқсатымен жарыстарға жіберіледі. Сондай-ақ дзюдошылар ұлттық құрамаға кіретін кезде де медициналық тексерістен өтеді. Аэлита Щербакованың осыған дейінгі барлық медициналық тексерісінің нәтижесі оң болған», — дейді Әйгерім Тоқсанбек.

Алайда федерация қызметкері Аэлита Щербакованың қандай ауруханада емделгені туралы мәлімет бермеді.

Айта кетейік, апластикалық анемиямен ауырған адамның жілік майы қанның құрамындағы эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерді қажетті мөлшерде бөлмейді. Аталған ауыру сирек кездеседі. Оған жылына миллион адамның 2-6 ғана шалдығуы мүмкін.



sputniknews.kz