Екі боксшы бір-бірін бір уақытта нокаунға жіберді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жекпе-жек сенбі күні өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Рефери Сальвадор Сальва Родригес өзі қызмет көрсеткен жекпе-жектің видеосын жариялады. Онда екі боксшы бір уақытта нокдаун алып қалды.

Сенбі, 27 шілде күні екінші ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша WBA Fedecaribe титулы үшін жекпе-жек өткен болатын. Шаршы алаңда доминикан Уильям Энкарнасьон (18-0, 15 КО) мен никарагуалық Джованни Гутьеррес (7-0, 5 КО) кездесті. Үшінші раунда «double knockdown» болды. Боксшылар бір уақытта соққы жасап, бір-бірін нокдаунға түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Рефери мансабымда алғаш рет қос нокдаунды көріп отырмын», — деп жазды Родригес өзінің әлеуметтік желісінде.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақ боксшысы нокаутқа түсіп қалды — видео

Төртінші раундта Гутьеррес өзінің қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.



sputniknews.kz