Екі баласының анасына көр қазып қойған: Атбасардағы сұмдықтың мән-жайы белгілі болды

0

Атсабар тұрғыны қылмыстық кодекстің 4 бірдей бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр

Ажырасып кеткен әйелін киллер жалдап өлтірмек болған Атбасар тұрғынының ісіне қатысты Көкшетауда сот басталды.

41 жастағы Атбасар тұрғыны жалдамалы кісі өлтірушіге жүгінген. Тіпті, өзінен туған 9 және 12 жастағы екі баласының бар екеніне де қарамаған қатыгез әкені бұрынғы әйелі кешірмеймін деп отыр.

«Сізді күйеуіңіз өлтіруге тапсырыс берді дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Мен оның балаларының анасымын ғой. Екі кішкентай бала жетім қалады ғой. Жоқ, оны кешіре алмаймын», – деді сотта зардап шегуші Күнсұлу Тілегенова.

Адам жалдап, 2 баласының анасын өлтірмек болған оқиға Атбасар қаласында болған. Астраханка ауылындағы балалар спорт мектебінде есепші болып істеген әйелдің ажырасқанына екі жыл болыпты. Бірақ, күйеуі Атбасарға келіп, оны 1 айдай аңдып жүрген. Одан кейін киллер жалдайды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

 

Ал, тапсырыс берушінің жоспарын әлгі киллер тәртіп сақшыларына жеткізген. Осы кезде жігіт әйелге көр қазып та қойған екен. Оны басынан ұрып «өлтірген» фото дәлел мен әйелдің ұялы телефонын әкеліп, киллер «ақысын» алған сәтте күйеуі тұтқындалды. Бұның қойылым екенін сезбеген ол, қазір қылмыстық кодекстің 4 бірдей бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз