Екі баланың анасы некеде бола тұра бастығымен төсек қатынасына түскен — Қазақстан жаңалықтары

0

28 жастағы Гүлім тоғыз жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Бүгінде екі ұлы бар. Некелі жары бола тұра, Гүлім бастығымен төсек қатынасына түскен. 

Екі баланың анасы некеде бола тұра бастығымен төсек қатынасына түскен

Бұл туралы Stan.kz «Еуразия» арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтуынша, бұрын жұмыс істеп көрмеген. Тәжірибесі болмағандықтан, қолынан келетін іс іздеген. Ақырында кеңсе менеджері болып жұмысқа тұрған. Бастығы өзімен жас шамалас екен. 

«Маған жұмыс жағынан көмектесті. Сыйлықтар бере бастады. Түскі ас кешкі асқа ұласты. Сезім ұшқыны пайда болды ма, өзім де білмеймін», — дейді Гүлім ағынан жарылып.

Сөзіне қарағанда, жұмысқа тұрғанына екі ай болғанда бастығымен қарым-қатынасы басталған. Оның да жанұясы бар. Гүлім есін жиып, қателігін түсінгенде жұмыстан кеткен. Алайда бүгінде экс-бастығы маза бермей жүрген көрінеді. Жұмысқа қайта оралмаса, күйеуіне айтамын деп бопсалайды екен. 

«Қазір отбасымды жоғалтып алудан, елдің сөзінен қорқамын», — дейді Гүлім.

 

stan.kz