Екі бала И. А. Крылов А. Байтұрсынұлы

0
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Панорамалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Екі бала И. А. Крылов А. Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты: 1. Мысал авторлары туралы мәлімет беру, мысалмен таныстыру арқылы идеяны анықтай білуге мүмкіндік туғызу
2. Топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, болған жайды бағалай білуге, баға бере білуге үйрету
3. Достық қадірін түсінуге, қадір тұта білуге жамандық пен жақсылық ара жігін ажырата білуге баулу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: Сто стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Мысал автор суреттері, мақал — мәтелдер, сюжетті суреттер
таратпалар, маркерь, плакат
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты 4 топқа бөлу
Сыныптың ережесін еске түсіру
1. Тыңдай білу
2. Сөзді бөлмеу
3. Белсенділік
4. Шығармашылық
5. Сыйластық
6. Бірігіп жұмыс істеу
7. Әдептілік
Сыныптың ережесін сақтау керектігін ескерту

ΙΙ. Үй жұмысын сұрау, бағалау
— Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Біреуге ор қазба — өзің түсерсің»ертегісін түсініп оқу, мазмұндау
— И. А Крылов туралы біліп келу
— А. Байтұрсынұлы туралы біліп келу
1 — топ Баланың өмірі
2 — топ Байдың баланы орға тастауы
3 — топ Жігіттің аман қалуы
4 — топ Байдың орға түсуі
Ертегінің негізгі ойын анықтау
— Жолдасыңа, досыңа жамандық жасамау керектігін өзіне жамандық болып қайтатынын түсіну
Олай болса, дос сөзіне топтастыру жасайық
Дос

Адал дос
нағыз дос
Мәңгілік дос
шынайы дос

Әр топ өздері қалап алған топ аты туралы түсінік беру
Қосымша тағы тапсырма туралы сұрайық
1 — топ И. А. Крылов
2 — топ А. Байтұрсынұлы кім?
3 — топ И. А. Крыловтың шығармасын тағы кімдер аударған?
4 — топ А. Байтұрсынұлы Крылов шығармаларын аударып қандай кітап шығарған?

ΙΙΙ. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгін И. А. Крылов шығармасын аударған А. Байтұрсынұлы «Екі бала»
мысалын өтеміз.
1. Мағынаны тану
1 — топ 1, 2 шумағын оқып, мазмұндау
2 — топ 3. 4 шумағын оқу
3 — топ 5, 6 шумағын оқу
4 — топ 7, 8 шумағын оқу
2. Сұрақтар арқылы пысықтау Әр топ бір – біріне қарама — қарсы сұрақ қою.
3. Танымдық сұрақтар
1 — топ Мысал дегеніміз не?
2 — топ Федияға қандай бала?
3 — топ Жақсымен жүрсең, пейіш,
Жаманмен жүрсең, кейіш мақал мағынасын қалай түсінесің?
4 — топ Осы мысалды оқығанда қандай сезім пайда болды?

ΙV. Сөздік жұмыс
Кейіс — біреуге ренжу, қынжылу, налу
Пейіш — Керемет, ғажап, рақат

V. Сергіту сәті
Қызыл өрік

VΙ. Дәптермен жұмыс
1 — топ «Жаман дос көлеңке» мақалдың мағынасын ашып жаз.
2 — топ Федияға қандай ақыл — кеңес айтар едің? Хат жаз.
3 — топ Достық тақырыбына шағын әңгіме жаз.
4 — топ Достық тақырыбында өлең жаз.

VΙΙ. Сабақты қорытындылау
1 — топ А. Байтұрсынұлы бес жолды өлең құрастыру
2 — топ Крылов кім топтастыру
3 — топ Мысалдың негізгі ойды анықтау
4 — топ Достық дегеніміз не?

VΙΙΙ. Бағалау
Баланың көңіл — күйімен бағалау

ΙХ. Үйге тапсырма
1. Мысалды мәнерлеп оқу, мазмұндау
2. «Менің досым»тақырыбына әңгіме жазу
Х. Хор «Дос болайық бәріміз»