«Екі байдан ажырап, ырбыңдап жүр»: Әсел Асқар ажырасқан әйелдердің шындығын айтты

0

Әнші қазақ қоғамындағы ажырасу мен әйелдердің өз-өзін қамтамасыз ету тақырыбын қозғаған

Танымал актриса және әнші Әсел Асқар Instagram желісінде жаңа жазбасын жариялап, оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды. Әнші өзінің бейнежазбасында қазақ қоғамындағы ажырасу мен әйелдердің өз-өзін қамтамасыз ету тақырыбын қозғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жазбада Әсел Асқар: «Қазақтар ешқашан: «Молодец, ажырасқаннан кейін аяққа тұрып кеттің» деп айтпайды. Керісінше, «екі байдан ажырап жүр ғой ырбыңдап» дейді» деген пікір білдірген. Оның бұл сөзі көпшіліктің назарын аударып, қазақ қоғамындағы гендерлік теңдік, әйелдердің рөлі және ажырасу мәселелеріне байланысты пікірталасқа түрткі болды.

Әншінің бейнежазбасы Instagram желісінде 48 мыңнан астам қаралым жинап, 3 мыңнан астам пікір қалдырылды. Пікір қалдырушылардың кейбірі Әселдің ойымен келісіп, қоғамдағы стереотиптерді сынаса, енді бірі бұл тақырыптың көтерілуін орынсыз деп санаған.

Әсел Асқар бұл жазбасы арқылы қазақ қоғамындағы әйелдерге қатысты көзқарастарды өзгертуге үндеу жасаған сияқты. Оның айтуынша, әйелдерге өз-өзін қамтамасыз ету, еркін таңдау жасау және қоғамның қысымына қарамастан өз өмірін басқару құқығын беру маңызды.