Екі әскери ұшақ Тынық мұхитына құлады

0
Екі әскери ұшақ Тынық мұхитына құлады


АҚШ-тың КС-130 май құюшы ұшағы мен F/A-18 жойғыш бомбалаушы ұшағы әуеде соқтығысып, Тынық мұхитына құлады.

Ұшақтардың бортында жеті адам болған, қазіргі кезде олардың біреуі тірі табылды, деп хабарлады Би-би-си Теңіз жаяу әскерінің корпусы. Құтқарылған әскери қызметкер Жапония астанасындағы теңіз жаяу әскерінің Ивакуни базасында тексеруден өтіп жатыр.

Жапония Теңіз күштерінің іздеу-құтқару қызметі мен Америка авиациясы ұшақтарда болған тағы алты адамды іздеу шараларын жалғастыруда. Оқиға Жапония жағалауынан 200 миль (322 шақырым) жерде орын алған. Би-би-си-дің Токиодағы қызметі түнде Жапония аралдарында күн қатты бұлттанып, жаңбыр жауғанын хабарлады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат