Екі айлық баласын өлтіріп алған әке 5 жылға сотталып кетті

0

Жизақ облысына қарасты Зааман аудандық соты екі айлық қызын абайсызда өлтіріп алған әкені бес жылға соттады.

Жизақ облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға былтырғы 9 қазанда болған.

Түнгі сағат 11 шамасында жергілікті тұрғын баланы жұбата алмаған ананы бесіктің жастығымен бірнеше мәрте ұрған. Сол сәтте баланың бесы бесіктің бір қырына тиіп кеткен. Екі айлық бала басқа да жарақат алған. Сот-медицина сараптамасы баланың миы шайқалып, мойын омырқасы сынғанын, ми қабаты мыжылғанын анықтаған.

Екі айлық бала ауруханада есін жимастан қайтыс болды. 10 қазанда марқұмның анасы жергілікті милицияға арызданды.