Екі айда шашы ағарып кетті. Уханьннан оралған әкесін қызы танымады — Қазақстан жаңалықтары
Үш жасар қыз Уханьға ұзақ сапардан үйіне оралған әкесін танымай қалды. Shanghai Eye мәліметтері бойынша, 39 жастағы медициналық қызметкер Ван Бэньсюдың коронавируспен ауыратындармен 56 күндік ауыр жұмыс кезінде шашы ағарып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бэньсю Уханьға 4 ақпанда, пандемия өршіп тұрған кезде барған. Оның қарамағында коронавируспен ауыратын 21 науқас болды. 1 сәуірде Гуйчжоуға үйіне оралған Бэньсю бірден үш жасар қызын есіктен шақырды. Қыз жүгіріп келіп, ақ шашты «бейтаныс адамды» көрді. Бала әкесінен: «Сен кімсің?», — деп сұрады.
Дәрігерге өзінің қызына оның әкесі екенін дәлелдеу үшін бірнеше минут қажет болды. Нәтижесінде нәресте оны танып, мойнына асыла кетті.
stan.kz