Екі аяғынан айырылды — Алматыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Дәрігерлер аялдамада көлік қаққан алматылық әйелдің жағдайы нашар екенін айтты. Ол жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Алматыда жол апатынан зардап шеккен 61 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы нашар. 

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасында бейсенбі күні таңертең Мақатаев және Чайковский көшелерінің қиылысында аялдамада көлік қаққан әйелдің денсаулығы туралы айтты. Жүргізуші мас болған.


©
Sputnik / Стрингер.

Мақатаев және Чайковский көшелерінің қиылысындағы аялдама

«Әйел медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетті. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте нашар. Екі аяғынан айырылды, сол жақ білегінің сүйегі сынған. Травматикалық шок алды», — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Оқиға 5 наурыз күні таңғы сағат 7 кезінде болған. 


©
Sputnik / Стрингер.

Дәрігерлер зардап шеккен әйелге тиісті медициналық көмек көрсетті. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Мас болған Ford Transit көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында 61 жастағы әйелді соқты. Әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Көлік жүргізушісі Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.



sputniknews.kz