«Екі адамның өліміне себепші болған мас жүргізуші — полиция қызметкері»: Алматылық ПД пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда блок-бекетті бұзып өтіп, екі полицейдің өліміне себепші болған азамат полиция қызметкері емес. Бұл туралы қалалық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде 28 жастағы BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі шын мәнінде полиция қызметкері деген ақпарат тарап кетті.
«Ер азаматтың мас болуына байланысты ПД бұл ақпаратты жасырып отыр. Алайда оның қазіргі таңда қызметте екені белгісіз», — дейді жазба авторы.
Өз кезегінде қалалық ПД өкілдері бұл мәлімет жайлы пікір білдірді.
«Біз екі ауданның кадрлық бөліміне сұрату салдық. Атап айтсақ, Алмалы мен Алатау аудандарының қызметкерлерінің тізімі тексерліді. Тексеріс барысында оның полицей емес екені анықталды», — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, артынша полицейлердің көлігіне барып соғылғаны айтылған еді. Көлікте отырған екі қызметкер де тіл тартпай кетті. Бұған қоса оқиғадан тағы бір құзырлы органның қызметкері зардап шеккені белгілі болды.
stan.kz