Екі адам қаза болды: Алматыдағы жол апатының мән-жайы
Қысқа сілтеме алу
Полиция екі адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Алматы полициясы Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі деген күдіктіні ұстады.
©
Sputnik / Стрингер.
Полиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады
Полиция подполковнигі, жергілікті полиция қызметі басқармасы тобының басшысы Қайсар Төлебековтің айтуынша, Toyota Raum көлігінің жүргізушісі Алматы облысынан табылған.
«Жүргізуші ұсталды. Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылды», — деді ол.
©
Sputnik / Стрингер.
Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылған
Қазір криминалистер саусақ ізін алып, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Алматыдағы жол апаты
10 қараша күні түнгі он екіден кейін Райымбек даңғылындағы Саудакент базарына қарама-қарсы жолда Toyota Raum көлігінің жүргізушісі 43 және 44 жастағы екі ер адамды көлікпен қағып кетті. Жарақат салдарынан екі ер адам да оқиға орнында көз жұмды.
©
Sputnik / Стрингер.
Жарақат салдарынан екі ер адам да жедел жәрдем жеткенше көз жұмды
Жүргізуші апат болған жерден қашып кеткен.
sputniknews.kz