Home Жаңалықтар Екі адам өлді, алтауы жарақат алды – Шарын шатқалында оқыс оқиға болды

Екі адам өлді, алтауы жарақат алды – Шарын шатқалында оқыс оқиға болды

0
3110

Шарын шатқалында оқыс оқиға болды деп хабарлайды KzNews.kz.

«29 мамырда сағат 13: 35-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын каньонының төменгі бөлігінде лай-балшық ағып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті, нәтижесінде алты адамдар жарақат алып, екеуі қайтыс болды, оның ішінде бірі кәмелетке толмаған бала, екінші адам хабар-ошарсыз кетті.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды» деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, лайлы су ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты болған (бұршақ жауған 15 минуттық қатты жаңбыр).