екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазір құқық қорғаушылар күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан «Хан Тәңірі» аңшы лагерінде төтенше жағдай болды. Екі адам қаза болып, бір әйел кепілге алынды, тағы біреуі жараланды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Төтенше жағдай 4 шілде күні болған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен күзетшіге іздеу жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, 29 жастағы ер адам асханаға кіріп, лагер бастығының орынбасарына оқ атқан. Кейін лагерьде істейтін 31 жастағы жұмысшыны ішінен жаралаған. Осы сәтте ауылдың басқа тұрғыны күдіктіні ұстап алмақ болады. Алайда қаскөй пышақпен оның қолын жарақаттаған. Ер адам асханадан қашып шығып, аман қалыпты.

Лагерь бастығының орынбасары оқиға орнында көз жұмды. Ішіне оқ тиген жұмысшы медициналық көмек алу үшін заставаға бара жатқан жолда жан тапсырды.

Осыдан кейін күдікті обаға қарсы қызметтің 48 жастағы қызметкерін кепілге алып, белгісіз бағытта ізін жасырған.

Бүгін милиция қызметкерлері әйелді босату және күдіктіні ұстау бойынша арнайы операцияны бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиға орнында ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов жүр, ол арнайы операцияны басқаруда.



sputniknews.kz