«Екеуі де қатты қиналды»: Бойжеткен науқас інісіне көмектесу үшін оқуға түсуден бас тартты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайдың Ляньюньган қаласында бойжеткен дертке шалдыққан інісіне көмектесу үшін оқуға түсуден бас тартты. Белгілі болғандай, оның інісі аплазиялық қаназдық дертіне шалдыққан.

"Екеуі де қатты қиналды": Бойжеткен науқас інісіне көмектесу үшін оқуға түсуден бас тартты

18 жастағы Ли Цзы інісі ауырып қалған кезде жоғары оқу орнына түсу үшін емтиханға дайындалып жүрген. Алайда балаға сүйек кемігінің трансплантациясы жасалуы керек болыпты. Ата-анасының тіндері сәйкес келмегендіктен, олар донор бола алмаған екен. Анықталғандай, бұл процедураға қатыса алатын жалғыз туысы – өзінің әпкесі болып шыққан, — деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Ли Цзы сүйек кемігінің трансплантациясына қатысу үшін биылғы жылы оқуға түсе алмайтын болды

«Мен емтиханды келесі жылы да тапсыра аламын. Ал інімді құтқарудың басқа мүмкіндігі болмайды», — дейді ол. 

Ота наурыз айында өткен. Бойжеткеннің отбасы ем-домның ақысын төлеу үшін қарызданып, көршілері мен достарынан көмек сұрауға мәжбүр болыпты. 

«Қызымнан ұлым үшін 800 миллилитр қан, 1000 миллилитр сүйек кемігі аралас қан және 400 миллилитр бағаналық жасуша алды. Бұл сандарды ешқашан ұмытпаймын. Екеуі де қиналды», — дейді Ли Цзыдың әкесі. 

 

stan.kz