Екатерина Шабалина Париждегі ойындарға олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

0

30 мамырда Қазақстан Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін тағы бір лицензия алды. Квотаны қазақстандық триатлоншы Екатерина Шабалина жеңді.

Халықаралық триатлон федерациясы Азия елдері үшін соңғы қалған квотаны ұсынды, ол Екатерина Шабалинаға бұйырды, деп хабарлады ҚР МТС баспасөз қызметі.

Қазақстандық триатлоншы бұл жетістікке рейтинг жаңартылғаннан кейін қол жеткізді, онда Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Брауннан озып кетті.

Фото: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi