«Ей, жүгермек, қайда жүрсің?»: Танымал продюсер миды жемейтін әйел алуға кеңес берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал қазақстандық продюсер Алтынбек Рахметов жас көрінуінің құпиясын ашты. Сондай-ақ, ол осы күнге дейін көлік тізгіндеп көрмегенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдараламасына сілтеме жасап. 

Алтынбек

«Мен сұлулық салондарына бармаймын. Айқын секілді бетімді тазаламаймын, саунада отырып үстіме бал жақпаймын. Бәлкім жас көрінуіме 18 жасқа дейін қырда мал баққаным әсер берген шығар. Аттан түспей жүрген қазақпын. Өйткені 50 жасымы дейін ешқашан көлік мінбегенмін», — дейді продюсер.

Әрі қарай Алтынбек Рахметов әйеліне ризашылығын білдіріп, оның әрдайым қалай қолдау көрсететінін айтты. 

«Бұл – менің ғана емес, жанымдағы асыл жарымның жетістігі. Ей, жүгермек, қайда жүрсің? Ей, қашан үйге келесің? Әй, не болды соншама кешігіп жүрсің? «Бүгін үйге қонбайсың ба?» деп миды жемейді. Сондықтан қазіргі жастарға «Мен секілді 50 жаста 25 жастағы жігіттей болып жүру үшін миды жемейтін әйел алыңдар» деп айтқым келеді», — дейді ол. 

stan.kz