eGov арқылы жыныстық қатынас және оған салық салу: Белсенділер тың ұсыныс жасады

0

Белсенділер жыныстық қатынасқа ресми келісіммен түсуді ұсынады. Ол үшін «электрондық үкімет» порталын пайдаланғысы келеді. Идея авторлары EGOV адамдарды жақындастыруы тиіс деп есептейді. Ұсыныс тіпті салалық бөлімге жіберілді.

Қазақстандықтардың өздері бұл бастамаға екітүрлі көзқараспен қарайды. Бірі  жыныстық қатынасқа  келісім бойынша түсуді қолдаса, ал басқалары бұл идеяны мүлдем жақтырмады.

Блогер Аида Джексон әлеуметтік желідегі парақшасында жыныстық қатынасты ресмилендіруді ұсынды. Оның бұл пікірі қалың оқырманды дүрсілкіндірді. Ол оқырмандар арасында мұндай талқылауға түсетінін күтпесе керек.

Белсендінің пікірінше, жаңа қызмет «электрондық үкімет» порталында пайда болуы керек.

«Менің ойымша, бұл заң, онда шындық бар, оған мұқият қарап, түсіну керек нәрсе бар. Ал egov арқылы жыныстық қатынасқа келетін болсақ, мен egov электрондық порталы арқылы жыныстық қатынасты тіркеу қажет деп айтқаным шын мәнінде әзіл, сарказм болды. Себебі осындай жолмен бұл мәселеге көпшілік көңілін бұрғым келді және ол менің қолымнан келді деп ойлаймын», — дейді қоғам белсендісі Аида Джексон.

Жыныстық қатынасты ресмилендіруді төсектен ұзаққа кетпей-ақ рәсімдеуге мүмкін. Ыңғайлы, ең бастысы жайсыз жайттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Аида Джексон Швеция мен Данияда мұндай заң түрі барын айтып, мысалға келтіреді. Біздің заңгерлер мұндай норма сот жүйесінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетер еді деп есептейді. Өйткені, зорлықтың жиі болатынын айтады. Кейде жалған айып тағылып, түрмеге тоғытылатындары болатынын айтады.

«Заңтану тұрғысынан, бұл жақсы ма, жаман ба? Мен керемет деп айтар едім. Яғни, бұл біздің жұмысымызды біршама жеңілдететін еді. Бірақ нәпақасын осы жұмыстар арқылы тауып жүрген адвокатарға қиын. Барлығы ресмиленген, екіжақты келісім бар. Заңгерлер де, соттар да қажет емес. Бәрі компьютерге кіріп, судьяның орнына сотталады», — дейді заңгер Сергей Уткин.

Танымал блогер  Люся Яркова секс туралы әрдайым ашық айтады, бірақ біреудің төсегіне ортақтаспайды.

«Бұл жағдайда не болуы мүмкін екенін білесіз бе? Мысалы, біздің елімізде, әрине, негізінен ер адамдар бастамашы болады. Егер қыз немесе әйел мұнда бастамашы болып, оған жазбаша түрде бас тартса … бойынан қандайда бір кемшілік барынан қысылды делік. Содан кейін психоаналитикке тікелей жол ашылады. Менің ойымша, бұл бастама әлі де құпиялы болып қалғаны дұрыс. Оның үстіне секс пен махаббат болған жерде бюрократияға орын жоқ.

«Электрондық үкімет» порталына жаңа қызметті қосу туралы ұсынысты бейінді ведомствоға жолдады. Бірақ қазір ол жақта бұл тақырыпты қолға алуды ойламайтын көрінеді. Дегенмен шенеуніктер идеяны қолдаса және қызмет шынымен жұмыс істесе, онда қыз бен жігіттің кездесуі осылай көрінетін еді.

Жыныстық қатынасқа түспес бұрын, екеуі де egov.kz. сайтына кіреді. Қажетті функцияны таңдап, әркім серіктестің сұрауына жауап береді және қажетті бағанды белгілейді. Бірден жыныстық қатынастың қалаған түрін таңдайды. Қызметке тапсырыс береді. Мұның бәріне 30 секунд қана уақт кетеді.

ktk.kz