Егіздердің бірі екіншісі туған соң 3 айдан кейін өмірге келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Германияның Кельн қаласында егіздер екі түрлі уақытта өмірге келді. Арада 97 күн өткенде егіздің сыңары туды.  

Егіздердің бірі екіншісі туған соң 3 айдан кейін өмірге келді

Оксана есімді әйелден жүктіліктің алты айлығы кезінде су кетіп, шұғыл босанып қалды. Лиана есімді қыз бала өмірге келді. Салмағы 900 грамм болып туды. Дәрігерлер екінші баланы тудырған жоқ. Егіздің сыңары үш айдан соң өз уақытында өмірге келді. 

«Біз екінші баланың толық жетілгенін қаладық. Леони есімді егіздің сыңары 22 ақпанда өмірге келді», — деді дәрігер.

Алғашқы апталарда анасы қызымен перзентханада жатты. Осыдан кейін науқасты үйіне шығарды. 

Егіздер әлемдік рекорд жасады. Бұған дейін Ирландияда егіздер бірінен соң бірі араға 87 күн салып өмірге келген еді. 

stan.kz