Египитте болған қайғылы оқиғаға машинистердің өзара келіспеушілігі себеп болған

0

Полиция машинсті сәрсенбі күні кешке Египиттің солтүстік жағындағы провинцияда ұстаған.

Мысырда локомотивтің апатқа ұшырауына тепловозды жүргізген екі машинистің сөзге келіп қалулары себеп болған. Бұл туралы Египиттің бас прокуроры Набиль Садек хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қоршауға соғылған локомотив машинисті кабинадан түсіп, жолына тартқышты қойып, кедергі жасаған әріптесімен жанжалдасуға кеткен.

Ер адам кабинадан түскен кезде екінші машинист дау-дамайдын қашпақ ниетте артқа жүрген.

Басқарусыз қалған локомотив жылдамдығын үдетіп, нәтижесінде ол қоршау мен құрылысқа барып соғылған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс пен артынша орын алған өрттің нәтижесінде ең кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алыпты — олардың басым көпшілігі ауыр жағдайда жатыр.

Полиция машинисті сәрсенбі күні кешке Мысырдың солтүстік жағында орналасқан Мануфия провинциясынан ұстаған.

Мысырда болған оқиғадан соң Египиттің Көлік министрі өз еркімен отставкаға кетті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz