Египеттің бұрынғы президенті Мохаммед Мурси қайтыс болды
Египеттің бұрынғы президенті Мохаммед Мурси 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті телеарналар хабарлады.
Ақпарат агенттіктердің хабарлауынша, Мурси 17 маусымда соттан шыққан соң есінен танып қалып, кейін көз жұмған. Каирда Мурсидің үстінен палестиналық ХАМАС ұйымының пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен сот өтіп жатқан.
Мурси 2011 жылы Араб көктемінен кейін демократиялық жолмен билікке келген. Оған дейін елді 30 жыл бойы Хосни Мубарак басқарған. 2013 жылы шілде айында Египет әскерилері елдің тұңғыш рет демократиялық жолмен сайланған президент Мурсидің саясатына қарсы бірнеше күндік шерулер кезінде оны биліктен тайдырып, кейін қамауға алған. Ол содан бері түрмеде отырған.
Египет соты Мурси 2013 жылғы шеру кезінде наразыларды қамап, қинауға бұйрық берген деп айыптайды. Сот бұған дейін оны «Катар елінің пайдасына тыңшылық жасаған» деген айып тағып, өмір бойы түрме жазасына кескен.