Египетте Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Толық ақпарат ертең Қазақстан сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің брифингі барысында берілмек

 

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растайды.

Бұған дейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарында ер адамның 13 желтоқсан күні өз үйінің маңында өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сыртқы әстер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Египет прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

«Осыған байланысты тергеу нәтижелері бойынша ресми ақпарат пайда болмас бұрын, бұл трагедияға қатысты әртүрлі интерпретация мен негізсіз ақпарат таратудан бас тартуды сұраймыз. Министрлік өкілдері Египетке тергеуге қатысу үшін жіберілді», — делінген хабарламада.

Салалық ведомство оқиғаға қатысты толық ақпарат сәрсенбі күні, 18 желтоқсанда сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің брифингі барысында берілетінін жеткізді.

Бұған қоса, министрлік Еламан Жолдасовтың туыстары мен жақындарына шын ниетімен көңіл айтып, дипломаттың отбасына барлық қажетті көмек көрсететінін жеткізді.



sputniknews.kz