Егеуқұйрыққа тап берген мысық қарсылыққа ұшырап, қашып құтылды – видео  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Егеуқұйрық жау тырнағынан қашып құтылудың орнына қарсы шабуылға шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Желіде Люксембург көшелерінің бірінде түсірілген күлкілі видео жылдам таралып жатыр: роликтен жемтігін аулауға шыққан мысықтың ірі егеуқұйрықтан қашып бара жатқанын көруге болады.  

Қолданушылар үлкен мысықтың аңшыдан жемтікке айнала жаздағанына таңғалып жатыр.  

Дүкендердің бірінің басқышында отырған мысық жолдың арғы жағында ірі егеуқұйрықтың жүргенін байқап қалған. Жүнді жыртқыш әдетінше жемтігіне тұра ұмтылады. Алайда содан кейін адам нанғысыз оқиға болады: «жыртқыш» жемтігін аулап үлгермеді, егеуқұйрық жау тырнағынан қашып құтылудың орнына қарсы шабуылға шықты.

Мысық қыздың жүзін аяғымен өзіне бұрып, көз жасын сүртеді – видео    

Мысық ұзын құйрықты мақұлықтан мұндай реакцияны күтпесек керек, алды-артына қарамай қаша жөнелді. Егеуқұйрық өз басымдығын түсініп, аңшысымақты келесі көшеге дейін қуып барады.

Көрініс шынымен де күлкілі.  



sputniknews.kz