Егер 42 500 теңгелік жәрдемақыны қажет емес болған жағдайда мемлекетке қалай қайтаруға болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгелік жәрдемақының қажет болмаған жағдайда қазақстандықтар қалай қайтара алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиын тапшы болуда: Ұлттық банк монеталар азайғанда не істеу керектігін түсіндірді

«Маған бұл ақшаны мемлекетке қайтарғысы келетін азаматтар жазып жатыр. Оларға айтарым мұндай мүмкіндікті біз қарастырып қойғанбыз. ТЖ кезінде ақша аударылымын қазақстандық банктердің мобильді қосымшасы арқылы жасай аласыздар. Кейбір банктерде заңгерлік есепшотқа ақша жіберу қызметі бар», — деді шенеунік.

42 500 теңгені қайтаруға арналған реквизиттер мынадай:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Бенефициардың банктік сәйкестендіру коды: GCVPKZ2A

Бенефициардың жеке сәйкестендіру нөмірі: KZ67009SS00368609110

Бенефициардың бизнес сәйкестендіру нөмірі: 160440007161

Бенефициадың коды: 11

Төлем мақсатының коды: 049

Бүгінгі күні 42500 теңгені алғандардың саны 2 461 653-ке жеткен. 5 миллион қазақстандық жәрдемақыға өтініш білдірген. Министрлік өкілдері олардың ішінде 3,5 миллион азамат алатынын айтып өтті. 

 

stan.kz