Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық…
Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық…
Осыдан бір ай ғана бұрын бір таныс қыз: «Мен сайтан біліп алдым» — деп жазды. Оның қателесіп тұрғанын білдім де «Сіз, сайтан, нені білдіңіз?»- дедім. «Кешіріңіз, мен сайттан білдім»- деп дұрыстап жазғанын жазып едім ғой)).
Ол мына ватсабыма жазып қай- қайдағыны еске түсіріп жібергеннің жанында ойнамай қалды.
Өткенде сатып алатын үй іздеп жүргенде танысым: «Бір риелтор бар, жақсы үй тауып береді. Сенің нөмерінді берейін, өзі хабарласады»- деді. «Жақсы болар еді»- деп қуана кеттім .
Ертесі біреу: «САЛАМАТСЫЗ БА? кездессек болады ма? » — деп жазады. «Сәлеметсіз! Мен бос емеспін, жаза беріңіз»- дедім.
«МЕН УМЫТ «- деген хабарлама келді сол нөмерден. Мәә, қай- қайдағы еске түсіп кетіп «ұмытқаны несі? «- дедім. «eto ia Umit. Ia rieltor, vi kvartiru iskali? U menia mnogo varianov est » деп латынша жазып еді… «Тух, жүректі тулаттыңыз ғой, Үмітпін десеңізші»- деп күліп алдық)).
Оның алдында ғой, балама дәстүрлі ән үйрететін адам іздегенмін . Бір күні біреу: «Сәлеметсіз бе? » — деп жазып тұр. «Сәлеметсіз!»- деп мен де жаздым. «мен сағынбаймын ғой» — деген хабарлама келді. Бұл кім еді?- деген неше түрлі ойға кеттім. Ақырын тамырын басып біліп алайын деген оймен «сағынбаймыны несі? «- деп жазып көрдім. Хабардандыру бойынша жазып тұрған Сағынбай деген дәстүрлі әнші екен)).
Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық)).
Ерлан Жұрынбаев
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 8 Пікірлер: 0