Еділ Жаңбыршин: Айдос Садықов артық кетсе, оны соттайтын заң бар, конституция бар

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Qasqa Jol youtube каналына берген сұқбатында отандасымыз Айдос Садықов артық кетсе, оны соттайтын заң бар, конституция бар. Және опоозияция болсын, болмасын оған шабуыл жасау дұрыс емес деген ойымен бөлісті.

«Бұл жерде артық айтамыз деп тыртық қылып алуымыз мүмкін, екіншіден менің айтайын дегенім кім болса да жалпы журналист қауымына мұндай шабуыл жасаған дұрыс емес деп есептеймін. Кім болсын, оппозиция болсын, оппозиция болмасын. Біріншіден ол адам, екіншіден әркімнің өзінің көзқарасы бар ғой. Егер ол біріншіден шектен шығып, мемлекет тарапына сондай бір заттар айтып жатса, онда заң бар. Конституция бар. Заңмен соттау керек, ал ендің мына болған жағдайға байланысты құқық қорғау органдары баға беру керек деп есептеймін. Олар және үнемі болып жатқан іс шаралармен халықты құлақтандырып отыру керек. Ол кісінің денсаулығына қатысты мәселе, айтылатын затттар бар, айтылмайтын заттар бар не айтылуы тиіс соны халықпен бөлісіп отырса, сол ашықтық болады деп ойлаймын. Ақпаратты сол жерден алуымыз керек» — деді халық қалаулысы.