ЕАЭО интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығуға дайын – Мишустин

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері талқылаған мәселелер арасында ортақ газ нарығында баға белгілеу, сондай-ақ халықаралық көлік тасымалдарын ырықтандыру да бар  

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығу үшін пісіп жетілді, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында.

«Тіпті біз бүгін газ нарығындағы жағдайға сәйкес тариф белгілеу, халықаралық көлік тасымалдарын ырықтандыру мәселелерін талқылап жатқандығымыз біздің ұйымның интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығу үшін пісіп жетілгенін көрсетеді», – деп атап өтті ол.  

Мишустиннің айтуынша, Ресей мен Қырғызстан тиісті халықаралық келісімді дайындау аясында Қазақстанның ЕАЭО ортақ газ нарығында баға және тарифтерді белгілеу тәсілдерін әзірлеу туралы ұсынысын қолдаған.

Ол «конструктивті сипаттағы және қажетті ымыраға келуге бағытталған ортақ редакция» дайындалғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО премьерлері қандай мәселені талқылады

Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, газ тасымалдау қызметтерінің бағасы мен тарифін белгілеу тәсілдерін талқылаумен қатар, қатысушылар халықаралық автомобиль тасымалдарын кезең-кезеңмен ырықтандыруды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына атаулы көмек көрсетудің икемді тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты кеңейтуді қарастырды.

Үкіметаралық отырыс бейнеконференция форматында өтті. Оған Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Ресей – Михаил Мишустин, Беларусь – Сергей Румас, Қырғызстан – Мұхаммедқали Әбілғазиев, Армения – Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз