ЕАЭО-ға автокөліктерді уақытша әкелу мерзімі ұзартылды – Қазақстан жаңалықтары

0
71

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке тұлғалар үшін 30 қыркүйекке дейін ЕАЭО-ның кедендік аумағында автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының уақытша болу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

«30 қыркүйекке дейін автокөлік пен басқа техниканы уақытша әкелген азаматтар оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндетінен босатылады және тиісінше олар әкімшілік шараларға ұшырамайды және кедендік төлемдерді төлеуге міндетті болмайды», – деп түсіндірді ЕАЭК.

Сондай-ақ, кеңес ЕАЭО-ға тұрақты тұруға қоныс аударған тұлға мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін одаққа баж салығынсыз, 18 айлық мерзім ішінде әкелуі мүмкіндігі ережесін 30 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатты.

Шешім 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін туындаған немесе туындайтын жағдайларға қолданылады.

Комиссия бұл шешімдер азаматтардың ЕАЭО-да коронавируспен күресу шараларына байланысты өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтындығынан және міндеттемелерін орындай алмауынан қабылданғанын атап өтті.

stan.kz