ЕАЭО-ға автокөліктерді уақытша әкелу мерзімі ұзартылды — Қазақстан жаңалықтары
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке тұлғалар үшін 30 қыркүйекке дейін ЕАЭО-ның кедендік аумағында автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының уақытша болу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«30 қыркүйекке дейін автокөлік пен басқа техниканы уақытша әкелген азаматтар оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндетінен босатылады және тиісінше олар әкімшілік шараларға ұшырамайды және кедендік төлемдерді төлеуге міндетті болмайды», — деп түсіндірді ЕАЭК.
Сондай-ақ, кеңес ЕАЭО-ға тұрақты тұруға қоныс аударған тұлға мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін одаққа баж салығынсыз, 18 айлық мерзім ішінде әкелуі мүмкіндігі ережесін 30 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатты.
Шешім 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін туындаған немесе туындайтын жағдайларға қолданылады.
Комиссия бұл шешімдер азаматтардың ЕАЭО-да коронавируспен күресу шараларына байланысты өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтындығынан және міндеттемелерін орындай алмауынан қабылданғанын атап өтті.
stan.kz