ЕАЭО елдері бірыңғай электрондық валюта енгізеді


Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері трансшекаралық есеп айырысу үшін бірыңғай электрондық валюта енгізеді. “Известия” басылымының мәліметінше, бастаманың авторы – Ресейдің Ұлттық төлем кеңесі.
Ұйымның басқарма төрағасы Алма Обаеваның айтуынша, жаңа электрондық валютаны мемлекетаралық сауда-саттықтағы өзара есепке алу операцияларында ғана қолдану көзделіп отыр. Мұндай валютаны енгізу санкциялар қаупі жағдайында өзара есеп айырысуды жеңілдету үшін қажет.
Ортақ валютаның бағамы ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталарының бір-біріне қатысына байланысты болады.
Бірыңғай төлем жүйесін жасауға қазірдің өзінде Ресейдің бірнеше ірі қаржы-несие ұйымы ниет білдіріп отыр. РФ Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев жаңа валюта Еуропада евроға дейін қолданылған ЭКЮ сияқты болады.
Сарапшылардың айтуынша, ортақ электрондық валюта ЕАЭО мүшелерінің кезең-кезеңмен доллардан бас тартуына ықпал етеді. Бірыңғай валюта туралы бастама одақтың Ресей рублінің күшейгенін қаламайтын басқа мүшелеріне де ұнап отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан мүше.
Дереккөз: Baribar.kz