ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымда алынуы мүмкін – ЕЭК

0

Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен қарақұмық, күріш, ұн және тағы басқа кейбір тауарларды шығаруға шектеу қойылған  

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен азық-түлік экспортына қойылған шектеу 30 маусымда алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Армения халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян мәлімдеді.  

«ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымнан кейін ұзартылуы екіталай», — деді министр.

Оның айтуынша, қазір ЕАЭО қосымша қор құрғысы келетіндіктен, кейбір азық-түлік өнімдеріне шектеу қойып отыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді 

Қарақұмық жармасы, күріш, ұн, пияз, сарымсақ, кейбір жемістер мен көкөністер, сондай-ақ консервілерді шығару шектелген.

«Қазір ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін көптеген азық-түлік тауарына сұраныс ұсыныстан асып түсуі мүмкін үшінші елдердің нарығында орнығып алуға жақсы мүмкіндіктер жасалып жатыр», — деді министр.

Болашақта ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігінің біртұтас тұжырымдамасы талқыланады, елдер бір-бірінің азық-түлік қажеттіліктерін толықтыру мәселесін қарастырады.

Мұндай шешім егер Арменияда немесе Қырғызстанда жүзім болса, оны Ресейде немесе Беларусте өсірмеуге, ал Ресейде немесе Беларусте қант қызылшасы болса, оны Арменияда өсірмеуге мүмкіндік береді.



sputniknews.kz