ЕАЭО аумағында электронды цифрлық қолтаңбалардың  бірыңғай жүйесі құрылуы мүмкін

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ресей премьері әріптестерін ЕАЭО аумағында электронды цифрлық қолтаңбалардың бірыңғай жүйесін құру мәселесін пысықтауға шақырды

АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Еуразиялық одақ (ЕАЭО) аумағында бірлескен цифрлық платформа құрылатынын мәлімдеді. Ол үшін, оның айтуынша, электронды цифрлық қолтаңбаларды Одақтың бүкіл аумағында мойындау туралы әңгіме қозғалуы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ-тың барлық елі бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйе құру үшін бірлесіп жұмыс істеуде.

«Цифрландыру саласында көшбасшылыққа жету Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен адам өміріне, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін өр мақсаттар қоюды талап етеді. Ол – цифрлық сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру», – деді Ресей премьер-министрі Digital Almaty форумында сөйлеген сөзінде.

Ол үшін көп нәрсе жасалды, дейді РФ үкіметінің басшысы. Мишустин жұмыспен қамту жүйесін біріздендіруді, цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін, тауарларды бақылау және таңбалау жүйесін, кедендік, салықтық және банктік мәселелер бойынша электронды ақпарат алмасуды мысал ретінде келтірді.

ЕурАзЭҚ кеңістігіндегі адамдардың, компаниялардың біріккен, қорғалатын виртуалды проекциялары біздің бірлескен цифрлық платформаны құрудың бастапқы нүктесі болады, деп атап өтті Михаил Мишустин.

Оқи отырыңыз: Мамин ақпараттық жүйесі дұрыс істемейтін мемлекеттік органдарды атады

«Әрине, біз бүкіл Одақ бойынша электронды цифрлық қолтаңбаларды тану туралы сөйлесуіміз керек. Бұл тақырып мұқият талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануы тиіс», – деп мәлімдеді ол.

Еуразиялық одақта деректер қалай қорғалады

Жұмыстың тағы бір бағыты – деректерді қорғау, дейді Михаил Мишустин.

«Барлық электронды құжат айналымы сенімді, әмбебап мемлекетаралық ортада жүргізілуі керек, олар бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс істейді. Осы стандарттар туралы да келісуіміз керек, әйтпесе біз бір-бірімізді тануды доғарамыз, бұл интеграцияға қауіп төндіреді», – деп есептейді Ресей премьері.

ЕАЭО елдері ортақ цифрлық платформаға негізделетін тауарлар мен қызметтердің қозғалысын құжаттамалық физикалық бақылау жүйесі бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс, деп толықтырды РФ министрлер кабинетінің басшысы.

«Цифрлық дамуды ынталандыру үшін барлық технологиялық ресурсты, мүмкіндіктерді түгендеп, технологиялар саласындағы бірлескен құзыреттілік орталығын ашу қажет. Өйткені, біздің ЕурАзЭҚ-та жеке бағдарламалық қамсыздандыру, жеке процессорлар немесе жеке цифрлық қауіпсіздік жүйесі әлі күнге дейін жоқ», – деп түсіндірді Мишустин.

Ол ЕАЭО елдері таланттарға Одақ аумағында цифрлық стартаптар құруға және дамытуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек деп атап өтті.

Еске сала кетейік, бұл Михаил Мишустиннің осы қызметтегі алғашқы шетелдік сапары. Ол бұған дейін Қазақстанда болмаған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз