Дзюдодан Қазақстан чемпионы «допинг ережесін бұзған»

0

Дзюдодан 2018 жылғы Қазақстан чемпионы, қазақ күресінен 2017 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев допинг ережесін бұзды деп айыпталды. Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстан дзюдо федерациясы растады.

Қазақстан ұлттық антидопинг орталығы балуанның 2018 жылы қарашада Астанада өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты кезінде спортшының сынамасынан рұқсат етілмеген препарат табылғанын хабарлаған. Қазір бұл іске қатысты тексеріс жүріп жатыр. Астанадағы жарыста Ерғалиев 100 келіде Қазақстан чемпионы атанған. Спортшының допинг қолданғаны расталса, жүлдесінен айырылып, бірнеше жыл жарыстардан шеттетілуі мүмкін.

Қазақстан ұлттық антидопинг орталығы жыл басынан бері 30-дан астам спортшының допингпен ұсталғанын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық