Джокерге ұқсаған Назарбаев: Алматыда Елбасының муралын өзгеріп кеткен

0

Алматыда белгісіз біреулер бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған муралды өзгертіп тастаған.

8 шілдеде Qazaq Koktemi Rukh арт қозғалысының Инстаграмдағы парақшасында өзгертілген муралдың суреті пайда болды. Онда бұрынғы президенттің жас кезіндегі суреті DC Comics-тің зұлым кейіпкерлерінің бірі Джокерге ұқсап қалған.

Муралдағы “Ұлы дала ұлы” деген латын тіліндегі жазу “Ұлы дала ұры” деп өзгертілген. Forever Young тіркесіне «крест» қойылып, Cancel деген сөз пайда болған.

Мурал Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы гараж қабырғасында тұр.

Арт-қозғалыстың Инстаграмдағы парақшасында экс-президентке арналған үндеу де бар.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by ⚡️RUKH (@rukh2k19)